Есірткіге мас күйінде автобус айдаған жүргізуші ұсталды

1 649

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kzПавлодарда есірткіге мас күйінде автобус айдаған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қоғамдық көлік жүргізушілерінің 53 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Рульде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тағы 13 адам жазаланды. Автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі және мас күйінде автокөлікті жүргізудің екі фактісі анықталды. Айыппұл тұрағына 5 көлік қойылды.


«Мысалы Павлодар қаласының Академик Шөкин көшесінде полиция қызметкерлері Volkswagen автобусын тоқтатты. Өйткені жүргізуші көлікті өте баяу жүргізгендігі полицейлердің назарын аударды. Медициналық сараптама жүргізушінің шынымен де есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені туралы полицияның күдігін растады. Аялдама кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.


Тәртіп сақшылары жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілеріне өздері тасымалдайтын жолаушылардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік артатынын еске салады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.