Балабақша қызметкері 3 жасар қызға сексуалды әрекет жасаған

441

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Балабақша күзетшісі 3 жасар қызға сексуалды әрекет жасаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Бүлдіршіннің басынан өткен жағдай жайлы
Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Желі қолданушысының айтуынша, жекеменшік балабақшада еркек қызметкер 3 жасар қызға сексуалды сипаттағы әрекет жасаған көрінеді.

"Жуа берсем бола ма?" деді. "Иә, жуа бер. Бірақ мені мен апаңнан басқа ешкімге ұстатпа" дегенімде "Садиктегі аға жалайды ғой" деп жауап берді, - деп жазады қыздың анасы.



Бұл жазбаға пікір білдіргендердің саны мың адамнан асып отыр. Дені мұндай әрекет жасаған қызметкерді тез арада қоғамнан алшақтатып, соттау керек екенін айтыпты. "Масқара! Тез арада түрін көрсетсін", "Заман не болып барады?", "Қай балабақша екен? Қызым үшін қорқып отырмын" деген пікірлер жазылыпты.


Желідегі жазбаларға қарағанда, оқиға Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының орталығы — Сарыкемер ауылындағы жекеменшік балабақшада болған. Күдікті азамат сол жерде күзетші болып істейтін көрінеді.


Бұл мәселені облыстық білім басқармасы мен полиция бақылауға алғанын хабарлады. Басқарма тарапынан комиссия құрылып, тексеру басталыпты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.