Мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ерекше ескерткіш орнатылды

1 514

Фото:bestnews.kzӨскемен–Алтай–Рахманов бұлағы автожолы бойында, Солтүстік ауылы маңында мас күйде көлік жүргізудің салдарын еске салатын ерекше арт-ескерткіш орнатылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полициясының бастамасымен жол жиегіне биіктігі 9 метр болатын бөтелке пішініндегі монумент ішіне ауыр жол апаттарына ұшыраған, қирап-бүктелген көліктер орналастырылған. 

«Бұл монумент әдемілік үшін емес, өмір шындығын көрсету үшін орнатылды. Бір ғана қате шешім сапарды қасіретке айналдыра алады. ЖКО салдары әрдайым ауыр, біз әр жүргізушіге осыны түсіндіргіміз келеді», — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жоба жол қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілердің мәдениетін қалыптастыруға және жеке жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

 «Апат – кездейсоқтық емес, көбінесе құқық бұзушылық салдарынан туындайды. Мас күйде көлік жүргізбеу – шектеу емес, қауіпсіздік талабы», — деп түйіндеді полиция.