Тұрғын үй кешенінің қасбеті баланың басына құлады

1 596

Фото: видеодан кадрАстанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде үйдің қасбеті баланың басына құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан есіктен сыртқа шыға бергенде баланың басына үй қасбеті құлағанын көруге болады. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.


Тұрғындар мұндай оқыс жағдай бірінші рет болып тұрмағанын айтады.


«Барлық үйдің қасбетін тексеру керек», «Мұндай «фасадтардың» қажеті не?», «Үйді тұрғызған компания жауап берсін», - деп жазып жатыр олар.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.