Ауруханада қару ұстаған жасөспірім дәрігер мен науқасқа шабуыл жасады
23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 17 жастағы үш жасөспірім кіріп, жанжал шығарған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Медициналық ұйымның бас дәрігері Нұрлан Аймановтың айтуынша, жасөспірімдер рұқсатсыз кірген. Олар медицина қызметкерлері мен күзетшілердің ескертулерін құлаққа ілмеген. Олар ешкімді тыңдамай, былапыт сөздер айтып, "шабуылын" жалғастырған.
Осыдан кейін ол бірінші қабатқа түсіп кеткен. Қашып бара жатып есіктің әйнегін сындырып, қолын жарақаттап, кейін екінші есікті сындырған. Сосын ол қарумен қорқытып, қашып кеткен. Бұл факт полицияға хабарланған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.