Екі баланы судан аман алып қалған ақтаулық азамат марапатталды

246

https://mail.kz/kz/news/kz-news/astanalyk-okushy-akkoldegi-lagerde-suga-batyp-kettiАқтауда екі жасөспірім қызды судан аман алып қалған Александр Шарин Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«21 тамызда Шарин Алексанр өз отбасымен және достарымен «Золотое солнышко» демалыс базасында тынығып жатқан. Шамамен сағат 17:15-те оның жұбайы сапборд тақтасына есу дағдылары жоқ қыз балалар мінгенін байқаған. Кенеттен жел тұрып, балалар теңіз жағасынан алыстай бастаған. Сол кезде қыздардың анасы көмекке шақырған.
Александр ойланбастан суға түсіп, оларға дейін шамамен 100 метр толқынға қарсы жүзіп барды. Сапбордқа қыздардың жанына отырып, жағалауға қарай есе бастаған. Толқынға қарсы есу қиын болған. Жағалауға жақындағанда ол тақтадан түсіп, сапбордты жібінен тартып жағаға шығарды» –
 деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.


Департамент бастығы Мұрат Мұханов балаларды құтқару кезінде көрсеткен жанқиярлығы үшін азаматқа зор алғысын білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.