Жедел жәрдем фельдшерін ұрған күдікті ұсталды

1 545

Фото: КазТАГАтырауда жедел жәрдем фельдшерін ұрды деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Атырауда 1 мамырға қараған түні болған.

"Жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.