Ұлттық ұлан сарбаздары басшыларына QR арқылы анонимді шағымдана алады

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҰлттық ұланда сарбаздардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауға арналған ULAN SENIM цифрлық жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қосымша арқылы әскери қызметшілер өз мәселелерін аты-жөнін көрсетпей, тікелей қолбасшылыққа жеткізе алады.

Жүйе әзірге Алматыдағы 6654 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатыр. Оған кіру үшін сарбаз QR-кодты сканерлеп, өтініш санатын таңдап, мәселенің мән-жайын жазуы қажет.

Өтініштер әскери қызметтегі құқықтардың сақталуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, материалдық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бөлімдегі моральдық ахуал сияқты мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ сарбаздар өз ұсыныстарын да жолдай алады.

Әр өтінішке жеке нөмір беріліп, оны қарауға үш күн уақыт бөлінеді. Ал сарбаздар өз өтініштерінің қаралу барысын қосымша арқылы бақылай алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.