Алматыда мектеп оқушысы өзіне қол салды

284

Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

асылып қалған

"Оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болды", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Полицейлердің мәліметінше, 2006 жылы туған мектеп оқушысы ауласында асылып қалған.


"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл фактҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексерілуде", - деп қосты полицейлер. 


Ведомствода оқиғаның себебі мен өзге де мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.