Ақтөбедегі халыққа қызмет көрсету орталығында жайсыз оқиға орын алды

329

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілген видео жарияланған. Көп ұзамай полиция видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: polisia.kz

Видеодан полицейлер мен арнайы киімдегі әскерилердің халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіріп кіргенін көруге болады. Көп ұзамай полиция жүргізуші куәлігін заңсыз беріп келген топтың ұсталғанын мәлімдеді.


Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәліктерін беру бойынша халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті”, – делінген хабарламада. 


Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.