1 келісі – 1550 теңге: Қызылордада киік еті ашық саудалануда
Қызыл кітапқа енген жануар етінің бір келісі 1550 теңгеге бағаланған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
1996 жылы ақбөкен Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанның Қызыл кітабына енбеген, бірақ қазір аң аулауға мүлдем тыйым салынған түрге жатады. Демек, заң тұрғысынан оны заңсыз жасағаны үшін жауапкершілік «Қызыл кітаптардағы» жауапкершілікпен бірдей.
Қаладағы дүкендердің бірінде атылған ақбөкендерді сатып жатқан бейнежазба тарады. Облыс аумағында киіктерді атуға, аулауға рұқсат етілмеген. Құзырлы органдар мән-жайды анықтау үстінде.
Мамандардың айтуынша, облысқа Қарағандының ет өңдеу зауытынан келісімшарт негізінде 120 бас киік еті тасымалданған.
Саудагерлердің айтуынша, «тауарлар» Батыс Қазақстан облысының даласынан әкелініп жатыр. Етті жеткізу арқылы да тапсырыс беруге болады-мыс. Ал, БҚО даласында ақбөкендерді ату рұқсат етілген. Дегенмен, жануарларды ату жұмыстары енді бастау алуда. Аймағымызда ашық саудаланған киік еті мұздатылған.
Сонымен қатар, өңірде саудалануға шыққан ақбөкен еті ату кезінде дұрыс өлтірілмеген немесе басқа себептермен өлген жануардың еті болуы мүмкін деп қорқады.