Картоп ішіне телефон салып әкелген азаматқа сот үкімімен жаза тағайындалды

262

Фото: Қызылорда қылмыстық атқару жүйесіҚылмыстық атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде( тергеу изоляторы)  Жедел бөлім және РжКБ- нің қызметкерлері тарапынан  сотталғандардың қолданылуына  тыйым салынған заттардың мекеме аумағына  кіргізу жолын анықтау  және жабу мақсатында  елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізілуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

  Атап айтсақ, жедел бөлімнің жедел ақпаратына сәйкес, тергеу қамауындағы ҚР ҚК- 191 бабы 2- бөлігі бойынша айыпталушы 1993 жылғы  азаматқа тыйым салынған зат алып келетіні белгілі болған. 

Нәтижиесінде сол күні сәлем-сауқат бөлмесіне келген Б есімді  азаматтың  алып келген  тамақ өнімдері ішінен  ұялы телефонға қажетті заттар табылды.

  Дәлірек айтсақ, асылған картоп ішіне жасырылған 1(бір) дана «Beeline» сим картасы мен  және 1 (бір) дана ақ түсті   USB шнуры анықталды.

 Бұл бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.

Бүгінгі таңда сот қаулысы бойынша Қызылорда қаласының 1994 жылғы азаматы ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік  жаза тағайындалды.