Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

160

Фото: pixabayАтырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


"Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында тіркелген. "Атырау қаласындағы "Балауса"шағын ауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі екінші деңгейлі жолақтан шығып, басты жолмен келе жатқан "Toyota Land Cruiser" көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысып қалған. Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған", -делінген хабарламада.

 

Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған екі жолаушы және "Toyota Land Cruiser" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.