Мүгедектер ұйымы мен полиция арасындағы дау қайғылы жағдайға ұласа жаздады
246
Мүгедектер ұйымының жетекшісі полиция бөлімшесінің алдында өзін өртемек болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.
Қарағандыда полиция бөлімшесінің айналасындағы қоршау орнатқан мүгедектер қоғамы тендердің ақшасын толық ала алмаған соң, ұйым жетекшісі өзін өртемек болды. Кейін ол қамауға алынды. Сарапшы Қазақстанда мемлекеттік сатып алуға қатысты сот көп болатынын, билік өзіне жауапкершілік алғысы келмейтінін айтады. Қарағандыдағы полиция департаменті мен мүгедектер қоғамы арасындағы даудың жай-жапсары.
"ЖҮЙКЕМ ТОЗДЫ"
12 желтоқсанда Қарағандыдағы Ерубаев көшесінен шу шықты. Бұл көшеде полиция департаментінің ғимараты орналасқан. "ЖанДос" мүгедектер қоғамының өкілі Дәурен Әминов полиция департаментінің алдында наразылық акциясын өткізді. Ол жол үстіне бірнеше канистр жанармай алып шығып, "өзімді өртеп жіберемін" деп мәлімдеді. Оның артында "Полковник Байженов, мүгедектердің ақшасын қайтар" деген плакат ілулі тұрды.
Дәурен Әминов – Қарағандыға белгілі кәсіпкер. Ол мүгедек адамдарға, балалар үйіне, параспортпен айналысатын азаматтарға көмектеседі. 12 желтоқсанда мүгедектер бірлестігі төрағасының орынбасары полицияға қарсы "күрес" ашқан. "Әділдікке жеткім келді" дейді ол.
Дәурен мемлекеттік тендер бойынша бөлінуі тиіс ақшасын ала алмаған. Мемлекеттік орган келісімшартты бұзып, сотқа арызданған. Шарасыз күйде қалған кәсіпкер өзін өртемек болған.
Мүгедектер қоғамы төрағасының орынбасары наразылық акциясын өткізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Ол 27 желтоқсанда босап шықты. Әминовке "ұсақ бұзақылық жасады", "полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті" деген айып тағылған. Кәсіпкер сотта полицияға қарсылық көрсеткенін жоққа шығарған. Айыпталушыға адвокат берілмеген.
Әминов облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерлан Байженовтің әрекетіне наразы еді. Өйткені полковник кәсіпкермен келісімшартқа отырып, кейін оны бұзған. Плакатта аты-жөні көрсетілген полковник өзін өртемек болған азаматтың алдына шықпады, сөйлеспеді.
Кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарағандыдағы төрт полиция бөлімшесінің айналасына қоршау орнатқан. Әминов екі нысандағы жұмысы үшін жартылай ақша алған, қалған екеуін мүлде тегін істеген. Қоршаулар сол күйі тұр, бірақ полковник кәсіпкерге ақысын толық төлемеген.
Кәсіпкер жанармай алып, көшеге шықпас бұрын құжаттарды бірнеше рет қол қоюға жіберген. Мүгедектер бірлестігімен келісімшарт 6 желтоқсанда біржақты бұзылған.
Құжаттарда жер актісі 2 қарашада беріліп, полиция ғимараты аумағындағы жұмыстар уақытынан кеш басталғаны көрсетілген. Әминов мүгедектер қоғамы тендерді полиция департаменті айтқандай ақпанда емес, жазда жеңіп алғанын, мұны растайтын құжаттары да барын айтады.
Дәурен Әминов полицияның атқарылған жұмыс үшін ақша төлемей қоюын "билік органының жауапкершілік алуға құлықсыздығынан" не "қоғамдық ұйымға кек қайтаруынан" көреді. Сөзінше, бұрын мүгедектер қоғамы мен полиция арасында келіспеушіліктер болған.
ЖАУАП БЕРУШІ ТАРАПТЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ӨТКЕН СОТ
Полиция департаментінің шағымы бойынша өткен азаматтық сотқа не Дәурен Әминов, не мүгедектер қоғамының басқа өкілдері қатыспаған. Кәсіпкер соттан күні бұрын отырысты кейінге қалдыруды сұраған.
Сот жауап беруші тарап келмесе де, процесті бастап жіберген. Полиция соттан мердігерді "мемлекеттік сатып алу шарттарын дұрыс орындамады" деп тануды сұраған. Әминов қамауда отырған кезде полиция департаменті шағымын толықтырып, "ЖанДос" мүгедектер қоғамынан бес жарым миллион өтемақы төлеуді талап еткен.
Судья Дияз Мұстафин шағым берушінің арызын тыңдап, бірнеше сұрақ қойып, жауап беруші тараптың сұранысы бойынша "істі қарау қаңтар айына қалады" деді.
ПОЛИЦИЯ: АГРЕССИВТІ ТОП ШАБУЫЛДАСА, ҚОРШАУ ҚҰЛАП ҚАЛАДЫ
Азаттық тілшісі полиция департаментіне екі рет хабарласып, "Полковник Ерлан Байженов Әминовтің шағымына қатысты пікір білдіре ме?" деп сұрады. Өйткені кәсіпкер наразылық акциясы кезінде ғана емес, сотта да полковникке қарсы арызданған. Бірақ полиция журналист сұрағына жауап бермеді. Полиция департаменті ресми ақпаратында полковниктің атын атамауға тырысады. Мемлекеттік органның баспасөз қызметі өзін өртемек болған кәсіпкер мен полиция арасындағы кикілжіңге қатысты қысқаша түсініктеме берді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл "ЖанДос" қоғамдық бірлестігі полиция бөлімшесінің айналасындағы қоршауларды ауыстыруға тендер ұтып алған. Бірақ жұмысын "сапасыз орындаған". Полиция сотқа арызданып, кәсіпкерді қоршаудағы ақауларды түзетуге міндеттеген. Кейін қоғамдық бірлестікпен келісімшартты біржақты бұзған. Полиция атқарылмаған жұмыс туралы материалдар экономикалық істер жөніндегі ауданаралық арнайы соттың қарауында жатқанын хабарлады. Сотқа кәсіпкерді "мемлекеттік сатып алу шарттарын дұрыс орындамаған мердігер" деп тану туралы арыз берілген.
Полиция сотқа арызданғаннан кейін жұмысты келісілген сапада орындамағаны үшін кәсіпкерден 5,5 млн теңге өтемақы талап еткен.
Сотта "Жан Дос" мүгедектер қоғамымен төрт нысанды қоршауға 224 миллион теңгеге келісімшарт жасалғаны анықталды. Полиция мердігердің кей жұмысты уақытынан кешіктіріп, тапсырыс берушінің талаптарын толық орындамағанын айтады.
Полицияға қоршаудың биіктігі ұнамаған. Тапсырыс беруші биіктігі 2,80 метр болсын деген, кәсіпкер 2,5 метрлік қоршау орнатқан. Іргетастың беті тегіс шықпағаны да айтылды. Мердігер бұл шағымдармен келіспейді.
Әминовтің сөзінше, техникалық сипаттамада қоршаудың жалпы биіктігі 2,5 метр деп көрсетілген. Полиция департаментінің өкілі сотта кәсіпкерге ақша төленбеуін былай түсіндірді:
САРАПШЫ: ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
Сарапшы, республикалық "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов сотта мемлекеттік сатып алуға қатысты істер жиі қаралатынын, бұған бірнеше себеп барын айтады.
Сарапшының сөзінше, тапсырыс беруші өзі кінәлі болса да, мердігерді сотқа шақыруға үйреніп алған.

Бір жағынан – сот, екінші жағынан – қарыз бен жалақысын күтіп отырған қызметкерлер. Жүйкем тозып кетті, – дейді Әминов.
Мүгедектер қоғамы төрағасының орынбасары наразылық акциясын өткізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Ол 27 желтоқсанда босап шықты. Әминовке "ұсақ бұзақылық жасады", "полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті" деген айып тағылған. Кәсіпкер сотта полицияға қарсылық көрсеткенін жоққа шығарған. Айыпталушыға адвокат берілмеген.
Әминов облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерлан Байженовтің әрекетіне наразы еді. Өйткені полковник кәсіпкермен келісімшартқа отырып, кейін оны бұзған. Плакатта аты-жөні көрсетілген полковник өзін өртемек болған азаматтың алдына шықпады, сөйлеспеді.
Кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс бойынша Қарағандыдағы төрт полиция бөлімшесінің айналасына қоршау орнатқан. Әминов екі нысандағы жұмысы үшін жартылай ақша алған, қалған екеуін мүлде тегін істеген. Қоршаулар сол күйі тұр, бірақ полковник кәсіпкерге ақысын толық төлемеген.
Жұмыс аяқталған кезде тапсырыс беруші бір-екі ескерту жасады. Түзетіп бердік, ертеңіне полиция департаменті келісімшарттан бас тартты. Себебін анықтауға тырыстым, бірақ ештеңе шықпады. Бізге 117 миллион теңге төлеуі керек. Одан бөлек, кепілге берілген жарнамызды да қайтармай отыр. Олар жұмысымызды аяқтағанша күтіп, бірден келісімшартты бұзды. Неге ертерек айтпады? Мұны бұлай қалдырмаймын, соңына дейін күресемін, – дейді Әминов.
Кәсіпкер жанармай алып, көшеге шықпас бұрын құжаттарды бірнеше рет қол қоюға жіберген. Мүгедектер бірлестігімен келісімшарт 6 желтоқсанда біржақты бұзылған.
Жұмысымызды уақытылы аяқтай алмадық, сәл кешігіп қалдық. Бірақ бұған біз кінәлі емеспіз. Полиция бөлімі жер актісін 2 қарашада бір-ақ алды, жұмысқа содан кейін ғана кірістік. Қазір бәрінен айырылдық. Банкке, адамдарға қарызбыз, – дейді Дәурен Әминов.
Құжаттарда жер актісі 2 қарашада беріліп, полиция ғимараты аумағындағы жұмыстар уақытынан кеш басталғаны көрсетілген. Әминов мүгедектер қоғамы тендерді полиция департаменті айтқандай ақпанда емес, жазда жеңіп алғанын, мұны растайтын құжаттары да барын айтады.
Дәурен Әминов полицияның атқарылған жұмыс үшін ақша төлемей қоюын "билік органының жауапкершілік алуға құлықсыздығынан" не "қоғамдық ұйымға кек қайтаруынан" көреді. Сөзінше, бұрын мүгедектер қоғамы мен полиция арасында келіспеушіліктер болған.
ЖАУАП БЕРУШІ ТАРАПТЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ӨТКЕН СОТ
Полиция департаментінің шағымы бойынша өткен азаматтық сотқа не Дәурен Әминов, не мүгедектер қоғамының басқа өкілдері қатыспаған. Кәсіпкер соттан күні бұрын отырысты кейінге қалдыруды сұраған.
Сот жауап беруші тарап келмесе де, процесті бастап жіберген. Полиция соттан мердігерді "мемлекеттік сатып алу шарттарын дұрыс орындамады" деп тануды сұраған. Әминов қамауда отырған кезде полиция департаменті шағымын толықтырып, "ЖанДос" мүгедектер қоғамынан бес жарым миллион өтемақы төлеуді талап еткен.
Судья Дияз Мұстафин шағым берушінің арызын тыңдап, бірнеше сұрақ қойып, жауап беруші тараптың сұранысы бойынша "істі қарау қаңтар айына қалады" деді.
ПОЛИЦИЯ: АГРЕССИВТІ ТОП ШАБУЫЛДАСА, ҚОРШАУ ҚҰЛАП ҚАЛАДЫ
Азаттық тілшісі полиция департаментіне екі рет хабарласып, "Полковник Ерлан Байженов Әминовтің шағымына қатысты пікір білдіре ме?" деп сұрады. Өйткені кәсіпкер наразылық акциясы кезінде ғана емес, сотта да полковникке қарсы арызданған. Бірақ полиция журналист сұрағына жауап бермеді. Полиция департаменті ресми ақпаратында полковниктің атын атамауға тырысады. Мемлекеттік органның баспасөз қызметі өзін өртемек болған кәсіпкер мен полиция арасындағы кикілжіңге қатысты қысқаша түсініктеме берді.
Аталған азамат (Әминов. – Ред.) сотта қаралып жатқан азаматтық іс бойынша дауды шешуді талап етті, – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл "ЖанДос" қоғамдық бірлестігі полиция бөлімшесінің айналасындағы қоршауларды ауыстыруға тендер ұтып алған. Бірақ жұмысын "сапасыз орындаған". Полиция сотқа арызданып, кәсіпкерді қоршаудағы ақауларды түзетуге міндеттеген. Кейін қоғамдық бірлестікпен келісімшартты біржақты бұзған. Полиция атқарылмаған жұмыс туралы материалдар экономикалық істер жөніндегі ауданаралық арнайы соттың қарауында жатқанын хабарлады. Сотқа кәсіпкерді "мемлекеттік сатып алу шарттарын дұрыс орындамаған мердігер" деп тану туралы арыз берілген.
Полиция сотқа арызданғаннан кейін жұмысты келісілген сапада орындамағаны үшін кәсіпкерден 5,5 млн теңге өтемақы талап еткен.
Сотта "Жан Дос" мүгедектер қоғамымен төрт нысанды қоршауға 224 миллион теңгеге келісімшарт жасалғаны анықталды. Полиция мердігердің кей жұмысты уақытынан кешіктіріп, тапсырыс берушінің талаптарын толық орындамағанын айтады.
Полицияға қоршаудың биіктігі ұнамаған. Тапсырыс беруші биіктігі 2,80 метр болсын деген, кәсіпкер 2,5 метрлік қоршау орнатқан. Іргетастың беті тегіс шықпағаны да айтылды. Мердігер бұл шағымдармен келіспейді.
Әминовтің сөзінше, техникалық сипаттамада қоршаудың жалпы биіктігі 2,5 метр деп көрсетілген. Полиция департаментінің өкілі сотта кәсіпкерге ақша төленбеуін былай түсіндірді:
Бір қарағанда бәрі талапқа сай орындалған сияқты: биіктігі сәйкес келіп тұр, бірақ смета бойынша сай келмейді. Қоршаудың сырты нүктелік әдіспен құйылған. Яғни, агрессивті топ шабуылдаса, қоршау құлап қалады. Көліктердің ғимарат аумағына рұқсатсыз өтуіне жол бермейтін бөгет алысқа қойылған, бұл полиция бөлімшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Шабуыл жасалса, кез келген көлік айналып өтіп, кіріп кетеді.
САРАПШЫ: ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
Сарапшы, республикалық "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов сотта мемлекеттік сатып алуға қатысты істер жиі қаралатынын, бұған бірнеше себеп барын айтады.
Тапсырыс берушінің сотқа жиі жүгінуіне мемлекеттік сатып алу туралы заң мен әкімшілік кодекс себеп. Бұл заңдар мемлекеттік органды сотқа арыздануға міндеттейді. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, прокуратура әр күнді есептеп, бәрін бақылап отырады. 30 емес, 31-күні тапсырсаң, айыппұл төлейсің, – дейді Дидар Смағұлов.
Сарапшының сөзінше, тапсырыс беруші өзі кінәлі болса да, мердігерді сотқа шақыруға үйреніп алған.
Жұмыс атқарылып болған соң, тапсырыс беруші бірнәрседен қорқып, күмәндануы мүмкін. Мысалы, өзінікі дұрыс емесін біліп тұрса да, "мердігерге сотта шешейік, сенің пайдаңа шешілсе, бәрін төлеймін" дейді. Өйткені ертең тексеріс келгенде, бір кемшілік шықса, "сот осылай шешті ғой" деп басын арашалап алғысы келеді. Қазақстанда шенеуніктер жауапкершілік алғысы келмейді. Басты себебі – осы. Кейде бір жапырақ қағаз оқтан қорғайтын кеудешеден де күшті, – дейді Смағұлов.