Екі жасар қыз жыланды тістеп өлтірді

590

Жыланның кішкентай балаға шабуылы сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде, жылан өліп қалды. Бұл жағдай бала үйдің артында ойнап жүрген кезде болған, деп хабарлайды  Opennews.kz апарат агенттiгi Stan.kz ақпарат агенттігіне сiлтеме жасап.


Фото: pixabay.com


Көршілер қатты шыңғырған дауысты есітіп жүгіріп келген. Алайда, олар балаға көмектеспек болғанда таңғаларлық көрініске тап болады. Екі жасар қыз, жыланды тісімен қысып өлтірген.

Бауырмен жорғалаушы баланың ерін тұсынан шағуға ұмтылған көрінеді. Бірақ кішкентай бүлдіршін бұл сәтті қалт жібермей, жыланды жан тапсырғанша тістеген. 

Нәтижесінде, жылан өлді. Ал екі жасар бүлдіршінді ерніндегі жарақаты үшін ауруханаға жатқызған. Қазір ол қауіпсіз жерде. Мұндай жағдайды мүлдем күтпеген қыздың әкесі қызын мақтан тұтады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.