Суға батып кеткен жігіттің денесі 2 күннен кейін табылған
Павлодар маңында суға кеткен 19 жастағы жігіттің денесі екі тәуліктен кейін табылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Жанауыл ауылының маңынан табылған. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы құтқарушыларға 11-ші тамыз күні таңғы сағат 5:37-де хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, ол суға түсіп, қайта шықпаған.
"Іздестіру жұмыстары барысында сүңгуірлер 80 рет суға түсті. 13 тамыз күні іздестіру жұмыстары кезінде құтқарушылар Жанауыл ауылының маңынан 2007 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан алып шықты", – деп хабарлады Павлодар облысының ТЖД.
Іздестіру жұмыстарына сегіз құтқарушы жұмылдырылған. Олар үш жүзу құралын пайдаланып, эхолоттың көмегімен іздеу жүргізген.







