Сыра ішіп, қызметтік көлікті тізгіндеген нәзік жанды шенеунік жұмысынан қуылды

355
Павлодарда жер қатынастары бөлімінің бастығы Еңлік Тайшыбаева сыра ішіп, көлік басқарған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Өткен жылы 31 қазанда кешкі сағат онның шамасында полиция қызметкерлері Көктөбе ауылының Қазыбек би көшесі бойымен келе жатқан көлікті тоқтатқан. Lada Granta қызметтік көлігін Май ауданы жер қатынастары бөлімінің бастығы басқарған. Полицейлер шенеунікті аудандық ауруханада куәландыруға жібергенде оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды.

Сот кабинетінде жарияланған сот қаулысына сәйкес, сол күні Еңлік Тайшыбаеваның тамағы ауырып, өзін нашар сезінген. Ол емделудің дәстүрлі емес әдісін қолдануды жөн көрген, яғни микротолқынды пеште «Балтика» сырасын қыздырып ішкен. Сол күні Еңлік Тайшыбаеваға ағасының немерелері келген. Балалар балмұздақ алғысы келген соң әйел адам оларды алдыңғы жолаушылар орындығына отырғызып, дүкенге апарған. 

Май ауданының соты Еңлік Тайшыбаеваны ӘҚБтК-нің 608-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 20 тәулікке қамау түрінде жаза белгілеген.

Облыстық әдеп жөніндегі кеңес бірауыздан Май ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босатуды ұсынды. Аудан әкімдігінде тиісті шешім қабылданатын хабарлады.  

Еңлік Тайшыбаева 2002 жылдан бастап ауданның жер ресурстарын басқару бөлімінің бастығы, ал 2006 жылы жер қатынастары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.