Елімізде Сот-сексологиялық сараптама енгізіледі
Соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі – Сот-сексологиялық сараптаманы енгізу бойынша жұмыстарды бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ресми өкілдің айтуынша, осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта Сот-сексологиялық сараптама түрі бойынша әдістеме әзірленіп жатыр.
Қаз
Рус






