Жеті айлық сәби балабақшада шетінеп кетті

3 009

Видеодан скриншотАтыраулық Гүлзия Бекболат жеті айлық сәбиінің өліміне жекеменшік балабақша қызметкерлерін айыптайды,- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Гүлзия Бекболат былтыр қазан айында жеті айлық ұлын жоғалтты. Айтуынша, баласы бесікте жатқанда кенеттен көзі айналып, денесі суып қалған. Кейін балабақша қызметкерлері дереу хабарласып, ұлын медициналық мекемеге апарған. Келіншек ұлының бұрын ешқандай сырқаты болмағанын айтады. Сондықтан оның баланың бесікке қысылып қалуы мүмкін деп болжайды.

“Балам балабақшада бесікте жатып қайтты. Сағат 4-тер шамасында бөлеп, баламды тастадым, бір сағаттан соң “көзі айналып салқындап кетті” деді. Реаниматологтың айтуы бойынша баланы бесіктен шешкен соңғы демі бітіп, көз жұмды. Балам жіпке қысылып қалуы мүмкін. Сараптама пневмония деп берді. Келіспеймін. Әркім өз жазасын алсын. Іс сотқа жеткенін қалаймын. Істі қысқартып, сотқа жетпеді”, – деді сәбидің анасы Гүлзия Бекболат.

Балабақша заңсыз жұмыс істейді екен, бірақ баланы үйден қабылдайды. Олар анасының айтқанын жоққа шығарды. Сөздерінше, сәби әу баста ауырып жүрген. Дегенмен өз тарапымыздан алғашқы көмек көрсеттік дейді. 

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мамандары мұндай жекеменшік балабақшаның барын білмегендерін айтады.Полиция қылмыстың болмауына байланысты тергеуді қысқартқандықтан. Ахмет үйінің екіншісі болған. Отбасы енді ісіне салғырттық танытқандар әділ жазасын алсын деп отыр.