Үй өртке оранып, ана мен сәби қаза болды
Қайғылы жағдай Алматы облысы Кенен Әзірбаев ауылында болды. Таңғ уақытта бірден үш жеке тұрғын үй отқа оранды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құтқарушыларға төтенше жағдай туралы хабарлама өрт шыққан соң бір сағаттан кейін түскен.
Оқиға орнына 18 құтқарушы мен алты арнайы техника аттанды. Алайда олар жеткенше каркас-қамыстан салынған үйлермен бірге соларға жапсарлас қоралар да жалынға оранған еді. Отты ауыздықтау үшін қызметкерлер бірнеше бригадаға бөлінді. Өрт араға үш сағат салып толық сөндірілді. Қираған үйлердің бірінен анасы мен сәбиінің мәйіті табылды. Тағы бір адам қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің себебін анықтауда.
Оның айтуынша, үйлер арасындағы қашықтық небәрі 1,5–2 метр болған.







