Диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмек берілмеген

1 513

Фото: istockphoto.comАқмола облысы Есіл ауданының прокуратурасы аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу фактілерін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан бастап 6 нозология бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілмеген.

«Қадағалау актісі бойынша диспансерлік есепте тұрған 2 350 адамға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар аудандық ауруханаға жеткізіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», - делінген Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.