Қазақстандық спортшының допинг қолданғаны анықталды

1 249

Фото: freepik.comҚазақстандық триатлоншы Әбусейіт Әлихан допинг қолданғаны үшін 3 жылға шектеу алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Допингке қарсы ұлттық орталықтың мәліметінше, Әбусейіт Әлиханның сынамасынан эритропоэтин препараты табылған. Енді ол 2024 жылдың 5 тамызынан 2027 жылдың 5 тамызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Триатлоншыдан сынама биыл 11 мамырда алынған. Ол 11-12 мамыр аралығында U23 санатындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына қатысқан еді. Бұл жарыста спортшы спринт қашықтығында сынға түсіп, күміс медаль жеңіп алған болатын. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.