Екі әйелді жар етіп алған жігіт бар шындықты айтты

929

Бір күнде қос келінді қатар түсірген шымкенттік жігіттің бейнежазбасы әлі күнге дейін желіні шулатуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Алғашқыда жұрт ағалы-інілі бауырлар бір күнде үйленді деп топшылаған еді. Яғни, біреуі – келіншегі, екіншісі – жеңгесі десті интернеттегі ел. Ғаламторды шулатқан әлгі жігіт бұл қауесетке "жеңгемді сүймейтін шығармын" деп, арнайы видео арқылы жауап берді. Дәл сол бейнежазбаға зер салсақ, шымкенттік "Сұлтан Сүлейменнің" екі келіншегін кезек-кезек құшырлана сүйгенін аңғаруға болады. 


Ғаламторда тез танылған жігіттің инстаграм мен тиктоктағы аккаунты "Ержан Мырза" деп аталады. Ол Түркістан өңірінің тумасы. Мамандығы – цирк әртісі екен. Біз телефон арқылы отағасына хабарласып, мән-жайды білдік. Ол жеке өміріндегі жаңалықтың, яғни екі қызға қатар үйленгенін растағанымен, сұхбат беруден бас тартты.


"Қазір пікір білдіруге қорқып қалдық қой. Рұқсатсыз аудиожазбамды жаңалықтарға шығарып жіберіп жатыр ғой. Бір сұраққа да жауап бере алмаймын, ренжімеңіздерші. Жоқ, ештеңе айта алмаймын", – деп қысқа қайырды әлгі жігіт. 


Қазнетте хитке айналған үштікті, яғни отағасы мен екі келіншекті көшедегі жұрт жақсы таниды. Жарыса суретке түседі. Тіпті шаңырағына қос келінді қатар түсірген жігіттің бұл әрекетін әзілге айналдырғандар да жоқ емес. 


"Әй, бұл неден болды екен? Шымкентте кеше бір бала екі қатын алды деп жатыр еді. Содан болды ма екен, ә?", – деді ер адам аудиожазбада.


Ғаламтор кеңістігін шулатқан өзге де махаббат хикаясы мұнымен шектелмейді. Таяуда 32-дегі ақтөбелік жігіттің зейнеткерге, яғни егде жастағы әйелге үйленгені де дүйім жұрттың жағасын ұстатқан еді.


Бейнематериалдың толық нұсқасын YouTube арнасынан көріңіздер.