«Еден жуушыға дейін жұмысқа парамен кіреді»: Шөкеев жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын айтты

303

Фото: Түркістан облыс әкімдігіТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте аймақтағы жемқорлық мәселесі жайлы айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан екі-үш жыл бұрын облыстағы білім саласында еден жуушыға дейін жұмысқа пара беріп кіреді деген сөз болды. Мұнымен күресу үшін цифрландыру арқылы жұмысқа тұруды енгіздік. Портал құрып, жұмысқа сол портал арқылы ғана жұмысқа алатындай қылдық. Сол портал арқылы 12 мың өтініш түсті. Оның ішінде 5 мыңы жұмысқа орналасты. Олардың арасында мұғалім, техникалық қызметкер де бар, – дейді аймақ басшысы.


Әкім парақорлықпен күреске полиция да, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі де жұмыла кіріскенін атап өтті. Соның арқасында өңірде жемқорлық азайған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.