Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды

238
Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасап көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 қазанда болған.

«Есіл» ауданының Полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түсті. Тексеру барысында аталған дерек расталды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.

«Суицид жасаған адам 24-қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.