Білім бөлімінің экс-басшысы өлі күйінде өзен маңынан табылды

353

Талдықорған қаласы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың өлі денесі өзеннен табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мүрде 11 маусым сағат кешкі 20:00 шамасында табылған.


"Қаратал өзенінің маңында әйел адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері болған жоқ. Бұл факт қалалық полицияда ресми түрде тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалып, өлімнің себебі анықталатын болады", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.


Ал марқұмның білім бөлімінің экс-басшысы Роза Барманова екенін облыстық білім басқармасының басшылығы растап отыр.


"Марқұм Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы болып екі жыл көлемінде қызмет атқарғаны рас. Қазір бізде жұмыс істемейді. 2022 жылдың 1 қыркүйекте өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазып, қызметінен кеткенболатын", - деді Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Башаров.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.