Кәріз құдығында қаза тапқан 6 адамның отбасына несиесін өтеуге көмек көрсетіледі

1 521

Фото: ChatGpt арқылы жасалдыПавлодар облысында кәріз құдығындағы газдан уланған алты адамның несиесін өтеуге көмек көрсетіледі,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы Асайын Байханов жазатайым оқиға орын алып, салдарынан алты қызметкер қаза болған "Aqtogai Milk" ЖШС-не барған. Облыс әкімі қаза болған азаматтардың отбасыларымен кездесіп, жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты және оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізген.

"Қаза болған жандардың отбасыларына мемлекет тарапынан да және жұмыс беруші тарапынан да кешенді қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді және несиелерін өтеуге жәрдем көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ компания кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алған.

Асайын Байханов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне, Полиция департаментіне және прокуратураға аталған оқиғаны тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырған.

Еске салайық, Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында кәріз құдығындағы газдан уланып қалған алты жұмысшы көз жұмған. Оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын медицина қызметкерлері анықтаған. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.