"Жаңбыр, қатты ыстық, өрт қаупі": Тамыздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы қандай

369

Бүгін, 1 тамыз күні Қазақстанның кей өңірінде қатты ыстық болады. Одан бөлек, еліміздің солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.


“Қазгидрометтің” хабарлауынша, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Қазақстан бойынша найзағай, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауса, Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.