Ең кедей қазақстандықтар қай өңірде тұрады?

1 576

ҚР бойынша 2023 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 51 710 теңгені құрады - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы III тоқсанда 5,6% құрады,


Кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан облысында (9,6%), ал ең азы – Қарағанды облысы және Астана қаласында (2,7%-дан) тіркелді.


Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 10%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.


Кедейлік деңгейі – тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2023 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 51 710 теңгені құрады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.