Енді автобус пен такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн өте алады

1 219

16 қазаннан бастап Қазақстанда автобус және такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жүргізушілерді онлайн тексеру кезінде заңнама талаптарына жауап беретін және жүргізушінің жалпы денсаулығын тексеруге қабілетті автоматтандырылған медициналық кешендер пайдаланылады. Атап айтқанда:


  • Жүргізушіні биометриялық және (немесе) басқа әдіспен сәйкестендіру,
  • Онлайн сауалнама өту,
  • Көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясын тексеру,
  • Алкогольге тексеру,
  • Дене температурасын,
  • Қан қысымын және пульсті өлшеу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.


Осы салада цифрлық шешімдерді енгізу тасымалдаушыларға, таксопарктер мен автобус парктеріне:

  • Тексеру жүргізу рәсімдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге;
  • Жүргізушілер мен медицина қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға;
  • Жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға;
  • Уақытты үнемдеуге;
  • Жүргізушілердің денсаулық жағдайына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.


Министрдің бұйрығы 16 қазаннан бастап күшіне енеді.