Қызылордада жантүршіктірер жол апаты болды

637
Қызылорда облысында жол апатынан бес адам көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Самара-Шымкент жол трассасында сейсенбі күні таңертең жол апаты болып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Қызылорда облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, жолдың 1713-ші шақырымында таңғы сағат үш шамасында Жалағаш ауданының Таң ауылы маңында екі көлік соқтығысан.

"1995 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Camry мен 1980 жылы туған жүргізуші басқарған Daewoo Nexia көлігінің соқтығысуынан оқиға орнында екі жүргізуші мен Daewoo Nexia жолаушылары көз жұмды", - деп хабарланды ТЖД-дан

Жолаушылар - Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғындары, 2 ересек пен 2012 және 2016 жылдары туған екі бала.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.