Қызыл кітапқа енген 700-ден астам киік мүйізі тәркіленді

392

Қарағандылық полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарлардың 700-ден астам мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: pixabay.comҰлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде екі өңір аумағында киік атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Олар мүйіздерді Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Тергеу барысында мүйіздің бір келісін 80 мыңнан 100 мыңға сатқаны анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазіргі таңда қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды.

Барлығы 150 келі, яғни 732 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомототехника алынған. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.