Елімізде жаңадан екі мереке пайда болмақ

230

Қазақстанда "Аналар күні" мен "Әкелер күні" аталып өтілетін болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тиісті түзетулер мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға енгізіліп, құжатқа премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, "Аналар күні" мамырдың екінші жексенбісінде, ал "Әкелер күні" маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.


Аналар күні мен әкелер күні әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиелеу үшін аталып өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.