Қармақшыдағы жеке қабылдауда мәселелер оң шешімін тапты
Қармақшыдағы жеке қабылдауда мәселелер оң шешімін тапты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тәуелсіз Қазақстан жаңа саяси реформаларға тың қадам жасап келедп келеді. Өткен жылдары Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау – ең ауқымды әрі аса маңызды саяси оқиға болды. Президенттің әділетті Қазақстан құру бастамасы жыл бойы саясаттың, экономиканың, идеологияның алтын діңгегіне айналды. Еліміз саяси және экономикалық даму кезеңіне қадам басты. Түйткілді мәселелер ашық айтылып, талқыға түсті. Қоғам өміріне көптеген өзгерістер еніп, жаңа бастамаларға негіз қаланды.
Әділетті мемлекет құру кезеңіндегі Қазақстанның бүгінгі жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының тарихи маңызы өзгеше. Бұл Жолдау қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді. Президент өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап атап өтті.
Халықтың жасампаздық әлеуетін аpттыpу үшін әpбіp азаматтың өзін-өзі жүзеге асыpуына баpынша қолайлы жағдай жасау маңызды. Ал, депутаттық коpпустың басты міндеті – Мемлекет Басшысы Жолдауының іс жүзінде жүзеге асыpуға сапалы заңнамалық қолдауды жедел қамтамасыз ету. Осы негізгі қағидалар негізінде Қармақшы аудандық мәслихатының жұмысының жай-жапсарына тоқсалсақ. Мемлекет басшысының Жолдауын басшылыққа ала отырып, Мәслихат жұмысының басты міндеті – аудан аумағында мемлекет саясатын жүргізуге, ауданның әлеуметтік-эконмикалық даму жоспарын жүзеге асыруға, халықтың тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталған шаралар болып табылады.
Аудандық мәслихат депутаттары өз қызметінде Жолдауда көрсетілген тапсырмалардың орындалуына оң ықпал жасап, аудан өміріне байланысты ұйымдастыру шараларын кеңінен өткізіп келеді. Көпшілік арасында Жолдауды және Үкіметтің маңызды шешімдерін саяси түсіндіру, насихаттау жұмыстарына белсене араласады, депутаттардың көмегімен әр-алуан түйткілді мәселелер өз шешімін тауып жатады.
Ауданымыздың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беріліп отыр. Былтырғы жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша барлығы 23957 га егіс орналастырылып, 12773 га – күріш, 1021 га – бидай, 947 га – мақсары, 7789 га – жоңышқа, 471 га – картоп, 430 га – көкөніс, 590 га – бақша өнімдері себілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 17 млрд 415 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,1 пайызды құрап отыр. Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша тұқымдық түрлендірумен 35 шаруа қожалық мүйізді ірі қара, 3 шаруа қожалығы қой және 16 шаруа қожалықтар жылқы шаруашылығымен айналысуда. Бүгінгі күні аудан бойынша16 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, жұмыс жасауда.
Аудан бюджеті қазіргі таңда, яғни өткен жылы жоспар бойынша 20901,6 млн.теңге болып бекітілді. 2022 жылы орындалуы 21042,8 млн теңгені құрап, оның ішінде өз кірісі 1750,1 млн теңгеге орындалды, 126,8 млн теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсіп отыр. Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде.Ауданға 13 млрд 313 млн. теңгеге инвестиция тартылып, 6 млрд 975,0 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, ауданда негізгі қорға салынған инвестиция көлемі 2001 жылы 60,0 млн.теңгені құраса, 2022 жылы 13313 млн.теңгені құрады. Жыл сайын аудан бойынша жұмыссыздар саны төмендеуде. Егер 2005 жылы 3,0 мың адам болса, 2007 жылы 2,2 мың адам, 2022 жылы жұмыссыздар саны 773 адам болды. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын өсе түсуде, 2021 жылы орташа өмір сүру 71,3 жас болса, 2022 жылдың қорытындысымен 72, 4 жасты құрады.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында көшелердің орташа жөңдеу жұмыстарына 75,5 млтеңге бөлініп, Жосалы кентідегі 14 көшеге орташа жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Бауыржан Момышұлы, Тырнақбаев, Сәтпаев, Батыс тұйығы және Батыс көшелері, Ыбырай Алтынсарин, Достық, Жангелдин, Жамбыл, Мәмедова, Бәйтереков, Әлібай ахун, Әлия Молдағұлова, Айсауытов, Сәрке батыр көшелері.
– Біздің негізгі басты мақсатымыз – Мемлекет басшысының Жолдауда белгілеп берген міндеттерін ел болып, жұрт болып жүзеге асыру. Жергілікті мәслихаттар аймақтың даму жоспарын,экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту мен көптеген бағдарламалардың орындалуына бақылау жүргізу құқығын иеленіп елдің даму жолында беделді күшке айналды.Мәслихат құзыретіне заңмен жатқызылған міндеттерді талап деңгейінде орындай отырып, халықтың сенімі мен үмітін адал ақтауға және елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрғыдан жан-жақты дамуы жолында қоғамды барынша біріге жұмылдыруда халық қалаулылары бірлесе жұмыс атқаруда, – дейді аудандық мәслихатының төрағасы Әділ Қошалақов.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы «Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады» деген тармақпен толықтырылған болатын.Қармақшы ауданы бойынша, яғни барлық елді мекендер мен Байқоңыр қаласын қосқанда аудандық мәслихаттың 13 депутаты бар.Жетінші шақырылған Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттық корпусы 2021 жылдың 15 қаңтарында жаңадан жасақталды. Мәслихаттың алғашқы сессиясында негізінен ұйымдастыру мәселелері қаралды, атап айтқанда мәслихат хатшысы сайланып, 3 тұрақты комиссия белгіленді. Олардың төрағалары мен мүшелері сайланып, «Аманат» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы тіркелді. Ал, енді аудандық мәслихат депутаттарының құрамы жайлы айтар болсақ, депутаттардың 10-ы ерлер, 3-і әйелдер. Ең жас депутат 34-те болса, ең үлкені 60 жаста. 30-40 жас аралығында 3-депутат, 40-50 жас аралығында 2-депутат, 50-60 жас аралығында 8-депутат. Пайызбен шаққанда жастар 30 %-ы, орта жастағылар 40%-ы, жасы ортадан жоғары депутаттар 30 %-ы құрайды. Кәсіби біліктілігі бойынша 2 дәрігер, 2 инженер, 4 мұғалім, 3 экономист, 1 заңгер, 1 ауыл шаруашылығы саласының маманы.
Қызмет саласы бойынша 8 бюджет саласының қызметкері, 5 коммерциялық ұйым жұмыскері. Халық қалаулыларының арасында 3 депутат немесе 23 %-ы өткен шақырылымның депутаттары. Депутаттардың 11-і «Аманат» партиясының мүшесі, 2-і «Ауыл» партиясының мүшесі.
Аудандық мәслихатта тұрақты комиссиялары жұмыс атқарады. Оның ішінде «Экономика, қаржы, бюджет, жергілікті басқару және дағдарысқа қарсы іс-қимыл» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның төрағасы Рзалиев Еркін, ал мүшелері Нысанбаев Бақытжан, Жумадьяров Сейл, Буханов Дастан. «Аймақтық даму, өндіріс және ауылшаруашылығы салалары, сауда, бизнес кәсіпкерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның төрағасы Жалғасбаев Жомарт Жақсылықұлы, мүшелері Бөгетов Болат Әлдебайұлы, Қомшабаев Нұрлан Жәмитұлы, Дауленбаева Шолпан Ануаровна және «Әлеуметтік, жастар саясаты, құқық қорғау, спорт, туризм және мәдениет» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның төрағасы Жұмабаев Болат Мәлікұлы, мүшелері Тасымова Зарипа Жаппарқызы, Қабатова Индира Сериковна, Скендиров Айдынбек Айтбайұлы.Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, өкілеттігі мен жұмыс тәртібі Заңның 12-15 баптарында белгіленген. Тұрақты комиссиялардың жеке немесе бірлескен отырыстары, әдетте депутаттардың қатысу мүмкіншілігі ескеріле отырып, сессиялар қарсаңында өткізіледі, сонымен қатар қажеттілікке қарай басқа мезгілде де өткізілуі мүмкін. Жоғарыда аталған Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады. Мәслихат сессиясында шұғыл шешілуі тиіс мәселелер туындаған жағдайларда мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібі тек осы мәселелерімен ғана шектелген мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Өткен жыл бойынша жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың 15 сессиясы, оның 4 кезекті, 11 кезектен тыс сессия өткізіліп, 137шешім қабылданды. Сондай-ақ, осы кезеңде мәслихат хатшысының 114 өкімі шықты.Мемлекет басшысының Жолдауында өкілетті орган ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға арналған жаңа концепция қабылдап, жергілікті мәслихаттардың рөліне айрықша көңіл бөлінді. Мәслихат депутаттарының жұмысы мен отырыстары тікелей эфирде көрсетіле отырып, ашық түрде жүруі қажет екенін және бұл қадам мәслихат депутаттарының жергілікті бюджет шығындарын бақылап, олардың аймақ көлеміндегі мәселелерді шешуде белсенділігін арттыруға жол ашады делінген. Осыған сәйкес, аудандық мәслихат сессияларын онлайн-трансляцияда өткізуді Aitube желісімен жүзеге асыру үшін оған қажетті техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.Қазіргі таңда аудандық мәслихаттың сессиялары тікелей эфирде Aitube желісінде онлайн-трансляцияда өткізіліп келеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті, яғни 2022 жылғы 24 маусымдағы сессиясында «Ауданда әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарды қорғаудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы», 2022 жылғы 30 қыркүйектегі сессиясында «Қармақшы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі», 2022 жылғы 21 желтоқсандағы сессиясында «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «2022-2024 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттері туралы» мәселелер қаралды. Қабылданған, тіркелуге жататын 9 сессия шешімдері облыстық әділет департаментінде уақытында тіркеліп, ресми баспасөзде жарияланды.
Кезекті сессияда қаралатын жоспарлы мәселені әзірлеу үшін құрамында депутаттар, мәселеге қатысты атқарушы органдар, сондай-ақ тиісті мекемелер басшылары мен мамандары бар аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы құрылады. Оған аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті мамандар қатыстырылып, мәселені зерттеу-зерделеуде басшылыққа алынатын жадынама әзірленеді. Мақұлданған жадынама негізінде құрамында уақытша комиссия мүшелері бар жұмысшы топтары елді мекендерде зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысында аудан бойынша анықтамалар дайындалады және ол аудандық мәслихат аппаратында жинақталып, депутаттарға таныстырылады.Сессияның күн тәртібінің жобасы және оған енгізілген мәселелер бойынша шешімдер жобалары тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын ала талқылаудан өткізіледі, талқылау қорытындысында мақұлданған мәселелер ғана сессияның күн тәртібінің жобасына енгізіліп, сессия қарауына ұсынылады.
Мәслихаттар құзыретіне заңмен жүктелген мәселелердің бірі жергілікті бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді бекіту болып табылады. Жылдық бюджет тиісті аумақты басқарудағы және оның тіршілігін жүргізудегі негізгі құжат саналатындықтан, сондай-ақ жыл ішінде түрлі себептерге байланысты оны нақтылап отыру қажеттігі туындайтындықтан бюджетті нақтылау мерзімі кезекті сессия өткізу мерзіміне сәйкес келмеген жағдайларда Заңға сай кезектен тыс сессиялар өткізіледі.Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың сессияларында аудан үшін маңызды бірқатар шешімдер, оның ішінде 2022 жылғы23 ақпандағы «Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы №272 шешіміне өзгеріс енгізу туралы,«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы», «Қармақшы аудандық қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы», «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы», 2022 жылғы 10 наурыздағы «Қармақшы ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы», 2022 жылғы19 сәуірдегі «2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы», «2020 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерін бекіту туралы», «Қармақшы ауданының Жосалы және Төретам кенттері көшелеріне атау беру туралы, «Қармақшы ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы», 2022 жылғы 25 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», «Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі №179 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімдері қабылданды.
Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімі лауазымына ұсынылған кандидаттарға келісім беру жиынына және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау науқанына қатысып, ұйымшылдық танытып, өз таңдауларын жасады.
Депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, демеушілік көмектерін көрсетіп отырады. Халықаралық балаларды қорғау күні және «Мектепке-жол» акциясы аясындақайырымдылық шаралары көрсетіледі. Қарттар мен мүгедектерді қорғау айлығында заттай, ақшалай, азықтай жәрдемдер жасалады.Әр депутат аз қамтылған жандарға, жалғызілікті қарттарға, көп балалы отбасыларға өзкөмектерін көрсетіптұрады.
Аудандық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық проблемаларына және бюджеттік саясатқа, заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына айтарлықтай көбірек көңіл бөлуде. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын маңызды мәселелерге байланысты құрылатын комиссиялар құрамында да аудандық мәслихат депутаттары белсенділік танытып, біздің ауданға қатысты мәселелердің оң шешімін табуға өз ұсыныстарын айтып, іске асуына ықпал етуде.
Аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты республикалық «Мәслихат» жорналымен, мәслихаттар құрылтайшысы болып саналатын Алматы қаласындағы «Көмек» компаниясымен тығыз байланыс орнатқан.
2022 жылыаудандық мәслихат хатшысы мен мәслихат аппарат басшысы осы орталыққа оқу семинарға барып, өз біліктіліктерін арттырып келді.Сонымен қатар, халық қалаулылары аудан әкімдігі жанынан құрылған түрлі комиссиялардың мүшелері ретінде олардың жұмысына қатысып отырады. Аудандық мәслихат депутаттары аудан аумағындағы саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашада қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданған болатын.Осы аталған заңға сәйкес жергілікті деңгейде ауданымызда да қоғамдық кеңес құрамы қалыптастырылып, құрамы және оның ережесі аудандық мәслихат сессиясында бекітіліп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқаруда.Қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты азаматтық қоғамның маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру болып табылады. Қоғамның мүддесін білдіру және жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау әрі қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қоғамдық кеңестердің негізгі қызметі болып табылады.Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 406-VIзаңның 13-бабының 6-тармағында«Жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады» делінген. Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңестің қызметін өз деңгейінде жүргізу үшін Қармақшы аудандық мәслихаты аппараты Қоғамдық кеңестің жұмысшы органы болып бекітілді және Қармақшы аудандық мәслихат хатшысыныңөкімімен аудандық мәслихат аппаратына 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап қоғамдық кеңес хатшысының міндетін атқару үшін еңбек шарты бойынша 1 әдіскер жұмысқа алынды. Қоғамдық кеңес үшін кеңсе (канцеляриялық) шығыстары мәселелері шешілген.Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің 2022 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 12 отырысы өткізіліп, онда34 мәселе қаралып,21 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасалып, қоғамдық кеңестің ұсынымдары берілді.
Аудандық мәслихат аппараты да өз жұмысын тиісті заңдылықтарға және мәслихаттың регламентіне сай атқаруда. Қазіргі таңда, мәслихат аппаратында 5 мемлекеттік әкімшілік қызметкер және 3 азаматтық қызметші жұмыс жасауда. Аппарат қызметкерлері депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын дайындауға, сайлаушылармен кездесулерін өткізуге жан-жақты әдістемелік, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.
Тұрақты негізде қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жүргізіліп келеді. Облыстық әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен мәслихат шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланып, «Заң» деректер базасына енгізілді.
Өткен жылы аудандық мәслихатқа жеке тұлғалардан 6 өтініш келіп түсті. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес тұрғындардан келіп түскен өтініштер дер кезінде заңдылықтарға сәйкес қаралып, өтініш иелеріне орындалуы туралы хабарлар жолданды. Аудандық мәслихат хатшысы мен аппарат басшысының азаматтарды қабылдау кестесі және мәслихат аппаратының сенім телефоны әр тоқсан сайын аудандық басылым бетінде жарияланып тұрады. 2022 жылы қабылдау кестесіне сәйкес аудандық мәслихат хатшысының жеке қабылдауында 10 адам болып, олардың өтініштері қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес шешімін тапты. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітіліп, жылдың қорытындысы бойынша аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметі бағаланып отырады.
Мемлекет басшысының Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш – тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдамасын іске асыру міндетін жүктеді. Осы ретте ауданымызда әрбір тұрғынның өтініш тілектерін орындау маңызды. Ауданымыздың көркеюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін тауып, халыққа жақын болып қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату әрқашанда мемлекетке сенімділікті арттыратыны сөзсіз.
Аудандық мәслихат депутаттары атқарушы органдармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, мемлекет тапсырмаларының, қабылданған бағдарламалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына атсалысады және аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
Биік мақсаттарды бағындыру талмай еңбектеніп, үйлесімді әрекет ете білуімізге тікелей байланысты екенін халық қалаулылары жақсы түсінеді.Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерге байланысты еліміздегі саяси реформалар өз жалғасын табуда. Өздеріңізге белгілі, 2023 жылдың 19 наурызына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауы жарияланып, сегізінші шақырылған Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттары сайланды.
Қармақшы ауданы бойынша, яғни барлық елді мекендер мен Байқоңыр қаласын қосқанда аудандық мәслихаттың 13 депутаты бар.Депутаттардың 10-ы «AMANAT» партиясының мүшесі, 1-і «Ақжол» партиясының мүшесі, 2-і «Ауыл» партиясының мүшесі.
Аудандық мәслихат депутаттарының құрамы жайлы айтар болсақ, депутаттардың 11-і ерлер, 2-і әйелдер. Ең жас депутат 27-те болса, ең үлкені 59 жаста. 20-30 жас аралығында 1-депутат, 30-40 жас аралығында 2-депутат, 40-50 жас аралығында 5-депутат, 50-60 жас аралығында 5-депутат. Пайызбен шаққанда жастар 20 %-ы, орта жастағылар 40%-ы, жасы ортадан жоғары депутаттар 40 %-ы құрайды. Кәсіби біліктілігі бойынша 1 дәрігер, 3 инженер, 1 мұғалім, 2 экономист, 2 заңгер, 2-өнер саласы, 1 мемлекеттік және жергілікті басқару, 1 ауыл шаруашылығы саласының маманы.
Халық қалаулыларының арасында 6 депутат немесе 46%-ы өткен шақырылымның депутаттары.Мәслихаттың алғашқы сессиясында негізінен ұйымдастыру мәселелері қаралды, атап айтқанда мәслихат төрағасы сайланып, аудандық мәслихатта 3 тұрақты комиссиялары жұмыс атқарды. Оның ішінде «Экономика, қаржы, бюджет, жергілікті басқару және дағдарысқа қарсы іс-қимыл» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның төрағасы Рзалиев Еркін, мүшелері Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы, Джакешов Абай Байдуллаевич, Дауленбаева Шолпан Ануаровна.
«Аймақтық даму, өндіріс және ауылшаруашылығы салалары, сауда, бизнес кәсіпкерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның төрағасы Бекбаев Мырзаш Қуандықұлы, мүшелері Ералиев Төлеу Айманұлы, Бөгетов Болат Әлдебайұлы, Қанатбай Дәулет Аббазұлы.«Әлеуметтік, жастар саясаты, құқық қорғау, спорт, туризм және мәдениет» мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия, оның төрағасы,Байрахтарова Дильфура Бакишқызы, мүшелері Буханов Дастан Абдибекович, Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы, Әділбеков Сырым Смаилұлы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, өкілеттігі мен жұмыс тәртібі Заңның 12-15 баптарында белгіленген. Тұрақты комиссиялардың жеке немесе бірлескен отырыстары, әдетте депутаттардың қатысу мүмкіншілігі ескеріле отырып, сессиялар қарсаңында өткізіледі, сонымен қатар қажеттілікке қарай басқа мезгілде де өткізілуі мүмкін. Жоғарыда аталған Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады. Мәслихат сессиясында шұғыл шешілуі тиіс мәселелер туындаған жағдайларда мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша күн тәртібі тек осы мәселелерімен ғана шектелген мәслихаттың сессиялары шақырылады. 2023 жыл бойынша сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың 4 сессиясы, оның 2 кезекті, 2 кезектен тыс сессиялары өткізіліп, 58 шешім қабылданды.
Қазіргі таңда аудандық мәслихаттың сессиялары тікелей эфирде Aitube желісінде онлайн-трансляцияда өткізіліп келеді.
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың сессияларында аудан үшін маңызды бірқатар шешімдер, оның ішінде 2023 жылғы 28 сәуірдегі Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған кенттер мен ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы «2022 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы», «2022 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтері бюджетінің атқарылуы туралы», Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы «Ауданда кіші және орта кәсіпкерлікті жайы және оларды қолдау шаралары туралы», «Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы», «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы», «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы», «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» шешімдері қабылданды.
2023 жылы аудандық мәслихатқа жеке тұлғалардан 7 өтініш келіп түсті. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес тұрғындардан келіп түскен өтініштер дер кезінде заңдылықтарға сәйкес қаралып, өтініш иелеріне орындалуы туралы хабарлар жолданды. Аудандық мәслихат төрағасы мен аппарат басшысының азаматтарды қабылдау кестесі және мәслихат аппаратының сенім телефоны әр тоқсан сайын аудандық басылым бетінде жарияланып тұрады. 2023 жылы қабылдау кестесіне сәйкес аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауында 14 адам болып, олардың өтініштері қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес шешімін тапты.