Балық шаруалығы табыстың сөзі
Қазіргі нарықта үлкен сұранысқа ие кәсіптің бірі балық шаруашылығы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Өйткені қазір екінің бірі балық өнімін тұтынады. Әсіресе жиын-той дастарханы балық етінсіз жұтаңдау көрінеді. Сұраныс артқан сайын балықтың бағасы да шарықтап барады. Бірақ осы шаруашылықты қолға алып, кәсіби тұрғыда айналысуға әлі де қауқарсызбыз. Біз бүгін жалпы балық бизнесінің болашағы туралы сөз етпекпіз.
Елдегі балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдар аралығында Қазақстандағы аквашаруашылық қоры үш еседен: 5,7 мыңнан 19,2 мың тоннаға дейін көбейген. Кәсіпкерлер де бұл салаға қызығушылық танытып отыр, өйткені бұл салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бастады. Мәселен, балық өсіретін шаруашылықтар үшін салық көлемі 70%-ға төмендеді, кәсіпкерлер инвестицияның 25%-ын өтеуге, сондай-ақ жем-шөп құнының 30%-ы және шабақ, дәрі немесе бағалы балық түрлерінің аналығы құнының 50%-ы мөлшерінде субсидия алуға арқа сүйей алады. Бұл ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТрМ) Балық шаруашылығы комитетінің берген мәліметі.
Бұл бизнес жеңілдіктерінің барлығы «2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы» бекітілгеннен кейін қабылданды. Мемлекет осы кезеңде салаға 268,8 млрд теңге бөлуді көздеп отыр, ал бюджеттен тыс жеке инвестиция ретінде тағы 340,5 млрд теңге күтілуде.
Жаңақорған ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 23 су айдыны болса, соның 8-і тауарлы балық өсірумен, 15 кәсіпшілік балық аулау шаруашылығымен шұғылданады. «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына» ауданымыздан 6 су айдыны, 1 тоған, 2 шарбақтық балық шаруашылығы енгізілген.
– 2022 жылы Жаманбала-Қамбаркөл және Қалғандария-1 көлдері тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының қатарына қосылды. Келінтөбе ауылдық округіндегі «Ислам» тауарлы балық өсіру тоған шаруашылығы ұзындығы 100-120 метрді құрайтын 12 тоған құрылысын салып, тауарлы балық шабақтарын салған. Осы жылдан бастап межелі өнім алу жоспарлануда. Бұдан өзге Жаңақорған кенті, Жаңауыл елді мекенінен «Сарбасов Сейдахмет» ДК, Жаңарық ауылдық округінен «Перуза» ш/қ және «Ғафур» ДК, Төменарық ауылдық округінен «QYZYL BALYQ» ДК, Көктөбе ауылдық округінен «Мұратбек» ДК, Жайылма ауылдық округінен «Томирис» ш/қ тоған балық шаруашылығымен айналысуда, – деді ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов.
Жауапты маманның сөзінше, биыл «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы теңгеріміндегі Жайылма ауылдық округінде орналасқан «Жиделі» су қоймасы және Жаманбай батыр ауылдық округіндегі «Бесарық» су қоймасында шарбақтық балық шаруашылығын құру жұмыстары жоспарлануда. Бұл да жақсы жаңалық.
– «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жұмыстарды жүргізу барысында мәселелер туындап отыр. Біріншіден, су айдындарында инфрақұрылым саласы, оның ішінде электр сымдарын тарту, бағаналар орнату жұмыстары кедергі келтіруде. Екіншіден, балық шаруашылығын дамыту үшін су айдынына су кіретін және шығатын бөліктеріне шлюз орнату да күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы мәселелер шешілсе, үлке олжа болғалы тұр, – деді ол.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты маманы Асылбай Дәулетханұлы инфрақұрылымдарын дамытуға байланысты электр желілерін жүргізу және трансформатор орнату үшін жобалау сметалық құжаттарын жасап ұсынған жағдайда, облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім өткізіп, қолдау тапса қаржы қаралатындығын атап өтті. Яғни кез келген шаруашылық иесі бөлімге жоба-сметалық құжатын өткізуі тиіс.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі су айдындары иелеріне бизнес жоспар, жоба-сметалық құжаттарын жасап, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ұсыну арқылы мәселені шешуге болатындығын жеткізді. Сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКҚ арқылы бірлескен өндіріс құру арқылы 51/49 проценттік үлеспен белгіленген мерзімге дейін төмендетілген пайызбен қажетті несие ала алады. Жақсы жобалар болған жағдайда гранттарға ұсынуға жәрдемдесетіндігін сөз етті.
Бір сөзбен айтқанда, қос бөлім арқылы да, жоба-сметалық құжатты (ЖСҚ/ПСД) әзірлеп, өткізуге болады. Бірінде субсидия алсаңыз, енді бірінде қайтарымсыз қаржыға қол жеткізесіз. Екеуі де тиімді жол, қолдау тапса қос тараптан да кәсібіңізге инвестиция құйылады. Сөйтіп бабын тауып, балықтан да үлкен бизнеске қадам басуға мүмкіндік бар.
Иа, соңғы жылдары ауылшаруашылығы саласында серпін көп. Оған мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау үлкен дем беруде. Дегенмен кей салада әлі де кемшін тұстар бар. Мәселен, балық шаруасы біздің ауданда толық қолға алынбай тұрғаны көп сауал тудырады. Өйткені, Сыр өзенін бойлай қоныстанған ауылдардың негізгі кәсібі егін болса, балықтан да берекелі бизнес бастауға болар еді. Ол жолда жүрген аз ғана қожалықтар бар. Бірақ, әлі де белсенді болған жөн, өйткені, субсидия бөлінген жақ дейді жауапты мамандар.
Облыста Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені және 207 көл бар. Бүгінде 185 көл конкурстық негізбен 5-10 жылға табиғат пайдаланушыларға бекітіп беріліпті. Қалғаны резервтік қорда тұр. Былтырғы есепке жүгінсек, нәтижесі жақсы. 7364 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 152 млн теңге қаржы түскен. Ал жыл басынан бері 4819,8 тонна балық ауланып, қазынаның қоры 70,1 млн теңгеге толығыпты. Былтыр «Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021- 2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін балық экспортын екі есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы берген мәліметте, тауарлы балық өсіруге (аквакультура) жыл сайын басымдық беріліп келеді. Кейінгі бес жылда осындай шаруашылықтармен 713 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылған. Қазір мұнымен айналысатын шаруашылықтардың саны 39-ға жетті. Мойындау керек, балық аулау және оны экспорттауда Арал ауданының үлесі басым. Арал ауданы әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, өңірде 31 балықшылар бригадасы бар. 400-ден астам адам жұмыс істейді. Бригадаларға тиесілі 215 флот, 6 үлкен (СМБ-40) және 2 шағын кеме (БМК-130), 6810 құрма ау, 24 жылым, 38 кермеше ау бар. 10 балық зауытының 9-ы да Арал ауданында. Бұлар жылына 24 мың тоннаға жуық балық өңдеуге қауқарлы. Қазір бес зауыт балықты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатарында.
Ал, біздің ауданда балық шаруасына аса мән беретін келінтөбелік Мақсат Жұмаділлаевтан бөлек бірнеше шаруа бар. Біз білетін «Жыңғылдысай» көлінің маңынан былтыр жылына 1-5 млн. дана балық шабақтарын шығаратын инкубациялық цех пен шабақ өсіру питомнигін іске қосу жоспарлануда. Ал, «Қалғандария» көлінің иесі Сүйіндік Аманжолов болса балықты баласындай өсіреді. Ол мемлекеттің көмегінсіз тірлік бастаған қайсар азамат. Орайы келгенде еңбек адамымен тілдесудің сәті түсті.
- 2007 жылы бұқаралық ақпарат құралдарынан резервке көл беріледі деген хабарламаны естіп, тәуекелге бел байлап, конкурсқа қатыстым. Асығым алшысынан түсіп, екі бірдей көлге ие болдым. Олар Нартай ауылына жақын орналасқан көлемі 15 га «Қарақұм» мен жер аумағы 70 га болатын «Домалақ» көлі. Былтырдан бастап осы аталған «Домалақ» көлінің бір бөлігін демалыс орнына айналдырып, халықтың пайдасына жаратып отырмын, – деп әңгімесін бастады балықшы.
Сүйіндік аға зейнетке шыққанға дейін №156 Н.Бекежанов атындағы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берген. Кейін балалары және немерелерімен бірге балық шаруашылығын бастаған. Әлі де болса аяқ-қолы жылдам, өз ісіне мығым, ширақ көрінеді. Бүгінде 18 түрлі балық, оның ішінде сазан, жыланбалық, шортан, лақа, мөңке, алабұға, табан, тұқы, ақ амур т.б. түрін өсіріп отыр.
– Бұл кәсіп жаныма жақын болғандықтан таңдадым. Алдын-ала семинар-тренингке қатысып, бейімді білім алдым, – дейді балық бағбаны.
– Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары аз емес. Инвестициялық салымдар кезінде техника мен жабдықтар сатып алуға балық өсіру шаруашылықтары үшін шығыстардың 25 процентін өтейді. Балық (тұқы, бекіре, албырт) жеміне кететін шығындар құнының 30 процентін өтеуге болады. Мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бойынша келесідей субсидиялау түрлері бар. Биологиялық негіздеменің құнын, балық өсіру материалын сатып алу құнын, бағалы балық түрлері аналық-жөндеу табындарын сатып алуға және ұстауға кеткен шығындар, дәрілік препараттарды сатып алуға кеткен шығындардың 50 процентін субсидия есебінен қайтаруға болады.
Тікелей субсидиялар бойынша 2030 жылға дейін республика бойынша барлығы 136 млрд теңге жоспарланған, оның 8,9 млрд. теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Инвестициялық салымдарды субсидиялауға тор шаруашылықтарын, УЗВ, тоған шаруашылықтарын, құрама жем зауытын, қайта өңдеу кешендерін салу және кеңейту жатады. Инвестициялық субсидиялар бойынша 2030 жылға дейін республика бойынша барлығы 41,4 млрд теңге жоспарланған, оның 2,1 млрд теңгесі Сыр өңірінің есебінде.
«Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасына сәйкес тауарлы балық шаруашылығымен айналысатын көлдерге инфрақұрылымын дамыту жоба сметалық құжаттарын жасап электр желісін тарту, трансформатор орнату жергілікті жерге тапсырылған болатын.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты маманы Асылбай Дәулетханұлы инфрақұрылымдарын дамытуға байланысты электр желілерін жүргізу және трансформатор орнату үшін жоба-сметалық құжаттарын жасап ұсынған жағдайда, облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім өткізіп, қолдау тапса, қаржы қаралатындығын атап өтті. Яғни, кез келген шаруашылық иесі бөлімге жоба-сметалық құжатын өткізуі тиіс.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Тәжібайұлы су айдындары иелеріне бизнес жоспар, жоба-сметалық құжаттарын жасап, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ұсыну арқылы мәселені шешуге болатындығын жеткізді. Сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКҚ арқылы бірлескен өндіріс құру арқылы 51/49 проценттік үлеспен белгіленген мерзімге дейін төмендетілген пайызбен қажетті несие ала алады. Жақсы жобалар болған жағдайда гранттарға ұсынуға жәрдемдесетіндігін сөз етті. Бір сөзбен айтқанда, қос бөлім арқылы да, жоба-сметалық құжатты (ЖСҚ/ПСД) әзірлеп, өткізуге болады. Бірінде субсидия алсаңыз, енді бірінде қайтарымсыз қар¬жыға қол жеткізесіз. Екеуі де тиімді жол, қолдау тапса қос тараптан да кәсібіңізге инвестиция құйылады. Сөйтіп бабын тауып, балықтан да үлкен бизнеске қадам басуға мүмкіндік бар.
Сыр өңірінде балық шаруашылығына маңызы бар 18 учаскеге бөлінген кіші Арал теңізі мен 203 көл бар. Оның ішінде, Жаңақорғанға тиесілісі 18 көл болса, бүгінде екеуі тауарлы балық өсіру бағытында жұмыс жасауда. Осыған қарап аудандағы балық шаруашылығы жайын аңғаруға болады. Жалпы, біздегі бұл саланың бүгінгі бет алысы қалай? Балық шаруашылығымен айналысамын деушілерге қандай жеңілдіктер бар? Біз осы сауалға жауап іздедік.
Алдымен, аймақ бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталайық. Біз нәпақасын балық сатудан тауып отырған кент тұрғыны Іскендір Пауленовтан мән-жайды сұрағанымызда:
– Шыны керек, Түркістанда бізге қарағанда балыққа сұраныс жоғары. Мәселен, бізде күніне 70-80 келі өтетін болса, түркістандық сатушылар 500-600 келіге дейін балықты өткізеді. Тіпті, Шиелінің сатушылары тәулігіне 300-400 келіге дейін балық сатады. Осыдан-ақ балық өндейтін цехтардың тиімсіздігін ұғасыз, – деп жауап қатты.
Хош. Енді балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі? Бұл жөнінде жауапты сала мамандарынан білген едік.
– Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тауарлы балық өсіретін шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау қарастырылған. Мәселен, құнды балық (тұқы тектес және өсімдік қоректі балықтарға) түрлерін өсіруші тауарлы шаруашылықтардың балық жеміне жұмсалатын шығындардың 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі. Сонымен қатар, тауарлы балық өсіруші шаруашылықтарға арналған техника мен жабдық сатып алынған шығыстардың 50 пайызын мемлекет тарапынан өтеуге болады, – деді облыстық табиғи ресурстар басқарамасының бөлім басшысы Жалғас Ахметов.
Енді Жаңақорғандағы ахуалға қайта оралсақ. Басқарма басшысы ғылыми ұйымның ұсынысына сәйкес Жаңақорған ауданында 17 көл тауарлы балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға қолайлы деп танылғанын айтты. Алайда, бүгінде олардың екеуінде ғана тауарлы балық өсіру шаруашылығы ұйымдастырылған. Атап айтқанда, «Жыңғылдысай» көлін пайдаланушы «Ислам» шаруа қожалығы және «Айдархан» көлін пайдаланушы жеке кәсіпкер «Тұматаев». Оларға тауарлы балық өсіру шаруашылығы статусы берілген.
Жуырда өткен жеті көл бойынша ұйымдастырылған төрт конкурста үш көлдің жеңімпазы анықталыпты. Олар – кенттегі «Борықты» көлі, Қожакент пен «Қалғандария» көлі. Аумағы 60 гектарды құрайтын «Борықты» көлін келешекте демалыс орнын жасауды көздеп отырған Амантай Сарбасов балық бағытында сапалы өнім алуды жоспарлап отырғанын жасырмады.
– Расында, ауданда балық шаруашылығы кенде қалып отырған кәсіптің бірі. Сондықтан, қолға алуды жөн көрдім. Бір жағынан демалыс алаңын салу да жоспарда бар. Ал, балыққа келсек, африкалық лақа тұқымын өсіріп, сапалы өнім алуға ниеттімін. Себебі, бұл балықтың пайдасы көп, – деді ол.
Иә, жалпы балық өнімінің құнарлығы мен сұранысы жоғары. Жүрек – қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Бір сөзбен айтқанда, балық өнімі көптеген ауруға ем. Мұны медицина саласының қызметкерлері де растап отыр. Содан болса керек-ті, Кеңестік кезеңде бейсенбі – балық тағамдары күні ретінде белгілен еді.
Орайы келгенде әлемдік тәжірибеге сүйеніп көрейік. Біз бір ғана су қоймасы бар Израильді мысалға алсақ. Жергілікті ғалымдар мен халықтың бар назары Кинера көлінің су қоймасындағы су деңгейіне аударылған. Осы себепті де Израильде балықты көбейту және өсіру үшін тұйық жүйе құрылысы ендіріліпті. Ел үкіметі тұйық жүйелі балық фермасын салу үшін қажетті барлық шығындардың 70 пайызына дейін субсидиялайды. Осындай қамқорлықтың арқасында Израиль бекіре өсіру және экспорттаушы озық елге айналды. Ақиқатында балықтан түсетін табыс көл-көсір, тек ұтымды ұйымдастыра білу қажет-ақ...
Біз неге бұл тақырыпты қозғап отырмыз? Өйткені, соңғы жылдары балық бизнесі толайым табыс көзіне айналды. Қазір дарияның өзінде балық қалмай бара жатыр. Қарап отырсаңыз, балықтың келісі еттің бағасына жетті. Көп тұтынатын сазан балығының келісі 1800 теңгеден асып жығылады. Сондықтан қолда тұрған алтынды қадірлеп, балық шаруасын ширату керекпіз. Бастысы, мемлекет тарапынан жеңілдік бар.
Әли ТЕМІРБЕК