Қарағанды облысында бәзбіреулер кафеге кіріп, келушілерді соққыға жыға бастаған

368

Фото: polisia.kzҚарағанды облысының тұрғындары кафелердің бірінде болған төбелес туралы хабарлады. Куәгерлердің сөзінше, бәзбіреулер ғимаратқа баса-көктеп кіріп, келушілерді ұра бастаған. Өңірлік полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Оқиға Ақшатау ауылындағы кафелердің бірінде болған. 

Куәгерлердің сөзінше, төбелеске 20 шақты адам қатысқан. Олар шабуылдаушылардың қаруланғанын, зардап шеккендердің кейбірі ауыр жарақат алғанын айтады. 

Осы ретте Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл ақпарат асыра айтылған. Тәртіп сақшыларының дерегінше, жанжалға 20 емес, 8 адам қатысқан. Шабуылдаушылардың қолында қару болмаған. 
Расымен де зардап шеккендер бар, алайда олардың жарақаты ауыр емес дейді құзырлы орган. 

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "Ақжол" кафесінде жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындаған. Бүлік болып, мүлікті қиратқан. Жанжал кезінде қару қолданылмаған. Қазіргі сәтте бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің басшысы Тимур Солодуха. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.