Таразда түн ішінде тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды

407
Таразда түн ішінде тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласының полициясына 40 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, түнде шамамен сағат 04.30-да шағын аудандардың бірінде белгісіз адам күш қолданып, спорттық велосипедін ашық ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткенін айтты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қаласының бейнебақылау операторларының жедел іс-әрекетінің нәтижесінде, іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті “ізін суытпай” ұсталды. Ұсталған ер адамның түрі жәбірленушімен танылып, заттай дәлел тәркіленді.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.