Сотталған әйел жазасын өтеуші ер адамнан жүкті болып қалған

1 642

Фото: elements.envato.comТараздағы №67 мекемеде адам өлтіргені үшін сотталған 36 жастағы әйел басқа тұтқыннан жүкті болып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әйел Шығыс Қазақстан облысынан ауыстырылған, ал жүктілік мерзімі қазіргі таңда сегіз аптаға жетті.

Тұтқынның серіктесі — зорлау ісі бойынша 10 жылға сотталған ер адам. Оның жазасы осы желтоқсанда аяқталуы тиіс болатын.

Жүктілік фактісі №67 колонияның басшысы Бауыржан Сауранбаев қызметінен босатылғаннан кейін анықталды. Бауыржан Сауранбаев аттестациядан өте алмаған соң басқа мекемеге ауыстырылды.

Колонияда бақылауды қадағалаған жауапты қызметкер жұмыстан босатылып, режим бұзған басқа қызметкерлер де тәртіптік жазаға тартылды. Жағдайды түзету мақсатында мекеме басшылығына ауқымды қызметтік тексеріс жүргізілді.

Тараздағы №67 мекеме СИ-13 атауымен танымал, Жамбыл облысындағы ең қатаң тәртіптегі түрмелердің бірі болып саналады және 500 адамға арналған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.