Ерекше шаш үлгісімен танылған басқарма бастығы жемқорлықпен ұсталды

3 586

Абай облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаева парамен ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аталған ақпаратты Антикор растады.


"Шенеунік өзінің қарамағындағы қызметкері арқылы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерін қалалық көші-қон қызметі басқармасына өткізуге көмектескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Күдіктілер, оның ішінде полиция бөлімінің басқа қызметкерлері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Айта кетейік, Гүлвира Дөненбаева ішкі істер органдарында 1994 жылы төлқұжат және визалық жұмыс жөніндегі аға инспектор болып қызмет ете бастаған. Ол бес жыл бойы Астана қаласының көші-қон полициясы басқармасын басқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция бөліміне келген. 2020 жылы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Дөненбаеваға полиция полковнигі атағы берілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.