Әйелін досымен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ер адам өзін 1,5 жылға соттауды сұраған
760
Бүгін Қарағандыда жүкті әйелін ұрып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты сот шешімі шықпақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Сот отырысы кезінде прокурор ер адамды 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Оның мәліметіне сүйенсек, жәбір көрген келіншек пен оның туысқан әпкесі 2022 жылғы 11 қазанда қоғамдық қорға хабарласқан.
Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Сот отырысы кезінде прокурор ер адамды 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сегіз ай бұрын менің жиен сіңлімді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жықты. Сот сараптамасы оның денесінен пышақ жарақатын да тапты. Ең сорақысы, ол әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсіріп, оны видеоға түсіріп тұрған. Ішінде алты айлық нәресте көтеріп жүрген әйелін осындай қорлыққа итермелеп, досын да ашық видеоға түсірген, – дейді қорға арыз түсірген әйел.
Оның мәліметіне сүйенсек, жәбір көрген келіншек пен оның туысқан әпкесі 2022 жылғы 11 қазанда қоғамдық қорға хабарласқан.
Әйелінің жүктілігіне қарамастан, азаматтық некедегі күйеуі оны темірмен ұрған, тепкен. «Үш ай бойы жыныстық қатынасқа түспедім» деген досына «сыйлық» жасап, әйелімен жыныстық қатынасқа түсірген. Осы іс бойынша әйелдің күйеуіне қатысты ғана іс қозғалып, досы жауапкершіліктен қашып кетті, – дейді қоғам белсендісі.