Шетелдік Ботаникалық бақтағы әрекеті үшін 15 тәулікке қамалды

1 506

Фото: ©youtube.kzБотаникалық бақта көпшіліктің көзінше дәрет сындырмақ болған 38 жастағы шетелдік әкімшілік қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Шетел азаматы Ботаникалық бақ аумағында көгалдың үстінде көпшілік алдында дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзгелерге анық құрметсіздік танытқан. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері заңсыз әрекетті тоқтатып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал рәсімдеген. Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған. Полиция қоғамдық орындар азаматтардың тынығып, демалуына арналғанын, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салады. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық мораль нормаларын бұзатын кез келген әрекет заң аясында тиісті бағасын алады.

"Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Қоғамдық тәртіпті бұзудың әрбір жағдайы дер кезінде тоқтатылып, заң аясында шара қолданылады. Жазаның бұлтартпастығы – құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарының бірі.