Суға батып кеткен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылмай жатыр

301

Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов суға батып, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

әкім


Қайғылы оқиға Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Әкімнің жанында адам болған-болмағаны белгісіз. Ринат Джанглишов суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған.
Денесі әлі табылған жоқ.

«2022 жылдың 31 шілдесінде сағат 22:38-де Махамбет ауданы бойынша ТЖД кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Ол Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 1982 жылы туған аудан әкімі суға батып кеткенін хабарлады. Оқиға орнына Атырау қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен техникасы жөнелтілді», – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.