Химия зауытында екі жұмысшы қаза тапқан

1 513

Фото: Hronika.kzҚайғылы жағдай Тараз қаласындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, жұмысшылардың бірі ыстық жыныстың сыртқа төгілуінен көз жұмса, тағы бір адамды тыңайтқыш шығаратын зауытта ауыр жүк көлігі басып кеткен. Екеуі де "Қазфосфат" компаниясы құрамына кіретін кәсіпорындарда болған.

Қайғылы оқиғаның бірі 29- шы қаңтарда Жаңа Жамбыл фосфор зауытында тіркелген. №5 цехта пешпен жұмыс істеу барысында ыстық жыныс сыртқа төгілген. Бұдан өзге тағы 3 адамның денесі ыстық фосфорға күйіп қалған. Зардап шеккендердің барлығы қалалық ауруханаға жеткізілген. Жұмысшылардың бірінің денесінің 45%-ы химиялық заттармен күйіп қалғаны анықталған. Дәрігерлердің сөзінше, жансақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы өте ауыр болған. Медицина қызметкерлері қанша тырысқанымен, ер азамат ауруханада жан тапсырған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.