Бірнеше ай бойы аңдыған: Жетісу облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап әкетіп, аяусыз соққыға жықты деп айыпталды

1 533

Фото: ашық дерек көзіЖетісу облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап әкетіп, көлігіне күштеп мінгізіп, ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Экс-күйеуі соңынан аңдып, көлігіне күштеп салып, азаптап, ұрып-соққан. Нұрайды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар құтқарып қалмағанда аман қалмас еді”, – деп жазды журналист.

 

Аталған оқиға туралы журналиске Нұрайдың әріптестері хабарлаған. Айтуларынша, жәбірленуші бұрынғы күйеуінен бұған дейін де жүйелі түрде жәбір көріп келген. 


"Нұрай Infinity сұлулық салонында маникюр жасайды. Біз – бір ұжымда жұмыс істейтін әріптестеріміз. Біздің команда Нұрай үшін қатты алаңдайды. Оны мемлекеттік ұйымдардың бірінде жұмыс істейтін шенеунік, яғни бұрынғы күйеуі бірнеше ай бойы аңдып жүрді. Ұрған да сол. Ол әрең аман қалды. 2 баласы бар. Жаңа жыл мерекелерінде далаға жалғыз шығуға қорқып жүрді. Себебі оны бұрынғы күйеуі әбден қорқытып тастаған. Тіпті соның салдарынан ауруханаға да жатып шықты”, – дейді әріптестері.


Әріптестерінің айтуынша, Нұрайдың өзі құзырлы органдарға бірнеше рет хабарласып, бұрынғы күйеуінің үстінен арыз жазған. Алайда еш нәтиже жоқ болмаған.


Полицияның хабарлауынша, аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалған.  


“Әйелдің арызы тіркелді. Талдықорған полициясының қызметкерлері оны тексеріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің 26 жастағы күйеуі ұсталып, жауап алынды. Тергеу барысында ер адамның жүріс-тұрысы қадағалануы үшін оған "қорғау нұсқамасы" тағайындалды”, – делінген хабарламада. 


“Қорғау нұсқамасы” жәбірленушіге физикалық және психикалық зиян келтіретін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын әрекеттерге тыйым салуды білдіреді.