Бірнеше ай бойы аңдыған: Жетісу облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап әкетіп, аяусыз соққыға жықты деп айыпталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жетісу облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап әкетіп, көлігіне күштеп мінгізіп, ұрып-соққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аталған оқиға туралы журналиске Нұрайдың әріптестері хабарлаған. Айтуларынша, жәбірленуші бұрынғы күйеуінен бұған дейін де жүйелі түрде жәбір көріп келген.
Әріптестерінің айтуынша, Нұрайдың өзі құзырлы органдарға бірнеше рет хабарласып, бұрынғы күйеуінің үстінен арыз жазған. Алайда еш нәтиже жоқ болмаған.
Полицияның хабарлауынша, аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалған.
“Қорғау нұсқамасы” жәбірленушіге физикалық және психикалық зиян келтіретін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын әрекеттерге тыйым салуды білдіреді.
Қаз
Рус






