Қаржы пирамидасына сенген тұрғындар шығынға батты

1 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©canva.comШымкентте "Капитал" атауымен инвестициялық платформа ретінде жасырын әрекет еткен қаржы пирамидасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Салымшыларға уәде ауызша беріліп, нақты шарт жасалмаған. Күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 000-нан 500 000 теңгеге дейін қаражат тартып, 3-5 күн ішінде салым сомасының 30-50%-ына дейін табыс уәде еткен.

"Жаңа қатысушыларды тарту үшін адамдарға психологиялық ықпал ету тәсілдері қолданылған. Оларға "жылдам пайда табасың" деп уәде берген. Алайда уәде ауызша беріліп, нақты шарт жасалмаған. Шын мәнінде, салымшыларға төленген ақша жаңа келген адамдардың салған қаражаты есебінен беріліп отырған", – дейді агенттік.

Қаржы пирамидасына 900-ден астам салымшы тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 млн теңгеден асқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.