Түркістанда жантүршігерлік жол апаты орын алды

277
15 қарашада Түркістан облысында жол-көлік апаты салдарынан BMW көлігі аялдаманы бұзып-жарып өтті, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, алдымен жол бойында бір бағытта келе жатқан BMW-525 пен Lada бір-біріне соғылған. Салдарынан BMW жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдаманы бұзып-жарып өткен.

Аялдамада тамақтандыру орны болған.

Оқиға салдарынан екі даяшы мен көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы "қанағаттанарлық" деп бағаланды.

Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталды. Жүргізушілердің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.