Жұмыссыз азаматтарға 6 айға дейін тегін кәсіптік оқу ұсынылады

1 538

Фото: ©жасанды интелектЖұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін меңгеріп, мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kazgazeta.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырып жатқан қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысу жеткілікті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мәлімдеген. Министрлік жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асырып отыр. Оқу мерзімі - 6 айға дейін.
Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі:
- шәкіртақы (43 574 теңге); 

- жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары;

- медициналық тексеруден өту ақысы.

Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған). Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар - жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.