Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, артынша өлтіріп кеткен: Алматыда күдікті топтың екі мүшесі ұсталды
2 277
Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, өлтірген деген күдікпен іздеуде болған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, өлтірген күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді. Бұл адамдар 2025 жылдың маусымынан іздеуде болған", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Күдіктілерге қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің қылмысты жасырып қалу бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.







