Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің сөмкеге салынған мәйіті табылды

393

Шымкентте белгісіз жағдайда көз жұмған әйелдің мәйіті қоқыс жәшігінен табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Мәйітті қоқыс алаңы жанынан өтіп бара жатқан адам байқап қалған.

Ә.Жангелдин көшесі бойындағы қоқыс жәшігінен жасы шамамен 35-тердегі әйелдің мәйіті табылды. Марқұмның денесі жамылғыға оралып, сөмке ішіне салынған. Бүгін таңертең қоқыс тастауға шыққан тұрғын мәйітті байқап, дереу полицияға хабарласыпты.

Марқұмның қай жақтың тұрғыны екені және қалай өлгені туралы нақты ақпарат жоқ. Қалалық Полиция департаментіндегілер тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтты.

"Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде",-деді ведомствадағылар.

Айта кетейік, мәйіт табылған Ә.Жангелдин көшесі шымкенттіктер арасында тәулікке жалға берілетін пәтерлер ошағының бірі деп айтылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.